Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды

25.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. «Астана Тазалық» ЖШС, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұжымдары бірлесіп ағаш отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрлі сала өкілдерін бір мақсатқа біріктірген акция барысында 100-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Алайда бұл жолғы шара тек көгалдандырумен шектелмей, стратегиялық маңызға ие болды.

Шараның ең маңызды сәті – үш ірі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы. Бұл құжат қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтарын бірлесе ілгерілетуге бағытталған.

Мұндай бастамаларда коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар күнсайын қала тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ортақалыптастырады. Саладағы жетекшікәсіпорындардың бірі – «Астана Тазалық» ЖШС, мұнда 2000-нан астам қызметкер еңбек етеді және500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Мұндай акциялар – тек қаланыкөгалдандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеттіқалыптастырудың маңызды тетігі. Әртүрлі салаөкілдерінің бір мақсатта бірігуі қоғамда жаңажауапкершілік мәдениетін қалыптастырады», деді «Астана Тазалық» ЖШС бас директорыАльберт Есалиев.

Өз кезегінде медицина саласының өкілдері деэкологиялық акциялардың маңыздылығын атап өтті.

«Қоршаған ортаның тазалығы – халықденсаулығының маңызды факторы. Дәрігерлерқауымы үшін мұндай акцияларға қатысу – кәсібиәрі азаматтық міндет», деді Ұлттық шұғылмедицинаны үйлестіру орталығының Басқарматөрағасы Ержан Әділбеков.

Ал білім беру саласының өкілдері мұндай іс-шаралардың жастардың экологиялық санасынқалыптастырудағы рөліне назар аударды.

«Мұндай бастамалар студенттер үшін үлкентәрбиелік мәнге ие. Жастар табиғатты қорғаудыңмаңызын іс жүзінде түсініп, қоршаған ортағажауапкершілікпен қарауды үйренеді», деді кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетінатқарушы Жанна Баймұратова.

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент • Бүгін, 15:38

Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді

Оқиға • Бүгін, 15:25

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады

Президент • Бүгін, 15:03

Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды

Білім • Бүгін, 14:53

Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде: Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Қоғам • Бүгін, 14:44

Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30

Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді

Президент • Бүгін, 14:20

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00

Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады

Президент • Бүгін, 13:22

Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады

Аймақтар • Бүгін, 13:06

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды

Президент • Бүгін, 12:40

Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27

Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі

Әлем • Бүгін, 12:18

Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды

Елорда • Бүгін, 11:47

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью