Астанада үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып өлтірді

04.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен кішкентай бала қаза тапты. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен кішкентай бала қаза тапты. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Бала 1 жас 8 айлық болған

"Kia Seltos маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікпен қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады елордалық полицияның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью