Астанада үйдің кірпіш қаптамасы құлады: бес адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

08.11.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама 5 адамның үстіне құлаған. Үшеуі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Зардап шеккендердің барлығы №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

"Біреуі аса ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр. Тағы екі адам реанимация бөлімінде, жағдайы ауыр", - дейді дәрігерлер.

Ал екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлығына материалдық көмек те көрсетіледі, әрі қарай емделуі мен оңалту шаралары да төленеді.

Айта кетері, төтенше жағдай бүгін Тәуелсіздік даңғылында болған. Кірпіш қаптамамен бірге кондиционердің бір бөлігі құлаған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью