Астанада Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы өтеді

18.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады.

Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл — ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

- Барша астаналықтар мен қала қонақтарын ұлттық анимация әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!
Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)

Басталуы: 16:00

Кіру тегін! - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью