​Астанада ұлы ғалымды еске алды

13.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Астанада Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик әрі қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шара ғылым қызметкерлері күні және Қаныш Сәтбаевтың туғанына 127 жыл толуына орай ұйымдастырылды.  

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан ҚМГ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Құрманғазы Есқазиев қатысты.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, геолог-ғалым, ғылымды ұйымдастырушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы, отандық ғылымның қалыптасуына зор үлес қосқан бірегей тұлға. Ол еліміздің мұнай-газ саласының ғылыми іргетасын қалыптастырудың бастауында тұрды.

Айта кетсек, ҚазМұнайГаз Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында геологияға, мұнай-газ кен орындарын игеруге, сондай-ақ мұнай-газ химиясына ерекше ден қоя отырып, 80 ғылыми-зерттеу тақырыбын қамтитын ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша ауқымды жобаларды іске асырып келеді. 

Сонымен қатар бүгінде ҚМГ білім беру мен зерттеу бағыттары бойынша 35 жетекші жоғары оқу орнымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Бүгін, 10:19

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью