Астанада үш баланың анасы көзіне ота жасалғаннан кейін қайтыс болды

21.02.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада үш баланың анасы көзіне жасалған операциядан кейін көз жұмды. Марқұмның туыстары қайғылы жағдайдың себептері толық ашылмай отыр деп санап, дәрігерлердің салғырттығы болуы мүмкін деген күдік келтіруде. Бұл туралы Arasha.kz тілшісі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарла"ды.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 31 қазанда болған. Аида Оспанова елордадағы жеке көз клиникасында шамамен жарты сағатқа жоспарланған отаға түскен. Алайда операцияға бір сағат қалғанда дәрігерлер қосымша катаракта анықталғанын айтып, оны да алып тастау туралы шешім қабылдаған. Осыдан кейін отбасы мүшелеріне қаралы хабар жеткен.

Марқұмның қызы Ақерке Әкімханованың айтуынша, сот-медициналық сараптама қорытындысымен отбасы толық келіспейді. Құжатта өлім себебі ретінде «жүректің жедел тамырлық жеткіліксіздігі» көрсетілген. Алайда туыстарының сөзінше, әйелдің бұрын жүрекке қатысты шағымы болмаған және оның қолында операцияға дейін тапсырылған таза медициналық талдаулар бар.

Отадан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Кейін ол басқа ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмаған.

Марқұмның қыздары құжаттардағы уақыт сәйкессіздігіне де назар аударуда. Бір құжатта биологиялық өлім уақыты 16:18 деп көрсетілсе, басқа деректерде 16:48 және 17:11 уақыттары аталған. Бұл жағдай туыстарының күдігін күшейтіп отыр.

Ал жеке клиника өкілдері операция жоспарға сай өткенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, хирургиялық кезең асқынусыз аяқталған. Алайда отадан кейін науқастың жағдайы нашарлаған. Клиника басшылығы барлық медициналық құжаттар құқық қорғау органдарына тапсырылғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта нақты өлім себебі тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс. Марқұмның туыстары істің әділ қаралып, ақиқаттың ашылғанын қалайды. Артында үш бала, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін үш жасар бүлдіршін қалған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью