Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Астанада өрт салдарынан үш бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды.
"Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Әкімдік зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.