Астанада үш баланың өмірін қиған өртке не себеп болғаны анықталды

11.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде үш баланың қазасына әкелген өрттің шығу себебі анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиғаға балалардың отпен ойнауы себеп болған.

Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өрт пәтердің ішінде тұтанған. Ал оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

– Өрттің себебі – балалардың отпен ойнауы. Өрт пәтердің ішінен шыққан, – деді Руслан Қайрақбаев.

Ведомство өкілінің түсіндіруінше, қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтатылған. Осылайша, үш баланың өмірін қиған өрттің шығу себебі арада алты ай өткенде белгілі болды.

Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт 15-қабаттағы пәтерден шыққан. Құтқарушылар оқиға орнынан екі мен 13 жас аралығындағы үш қыздың мәйітін тапқан. Ал балалардың анасы күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Өрт кезінде құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өздігінен эвакуацияланған.

Сол түні өрт сөндірушілердің жұмысына тұрғын үй ауласындағы кедергілер де қиындық туғызған. Атап айтқанда, аулаға кіретін жол темір қақпамен жабылып, автокөліктермен бөгелген. Сонымен қатар пәтердің темір есігін ашу үшін арнайы құралдар қолданылған.

Кейін өрт сөндіру техникасының қозғалысына кедергі келтірген екі автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью