Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Астана прокуратурасы "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендері бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдады. Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана прокуратурасы "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендері бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдады. Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми дерек бойынша, 426-дан аса отбасыға 8,2 миллиард теңге көлемінде залал келген.
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасын бұзып, "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталған.
"Бұл қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмаған, ал нысандардың құрылысы жүзеге аспаған. Сот санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, соның ішінде 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 көлікке тыйым салынды. 12 күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться