Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанада биыл үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталды.
Олардың қатарында Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Алуа Балқыбекова мен грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали бар. Еске сала кетейік, бұл 1999 жылдан бері алтыннан алқа таққан алғашқы балуанымыз. Сонымен қатар, жылдың үздік спорттық ұйымдары да жүлдесіз қалмады. Биылғы марапат бокс федерациясына бұйырды. Биыл спортшыларымыз түрлі деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына жүлде салып келді. Келесі жылы отандастарымыз бес ірі сайыста бақ сынайды. Бұл қатарда Италиядағы қысқы Олимпиада, жазғы Азия ойындары және жастар мен жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада бар.
Алуа Балқыбекова, бокстан әлем чемпионы:
- Бұл жыл біздің бокс құрамасы үшін өте нәтижелі жыл болды. Өйткені бізде әйелдер арасында да, ерлер арасында да бір жылда екі әлем чемпионаты өтті. Өте керемет дәрежедегі өнер көрсетті біздің боксшыларымыз. Және де міне қаншама алтын алып жатырмыз.
Айдос Сұлтанғали, грек-рим күресінен әлем чемпионы:
- Күшті. Бүгін үздік спортшы номинациясын беріп жатыр. Мен үшін 25 жыл қуанышты, сый-құрметке толы жыл болды. Өте қуаныштымын. Және мұндай нәрселер бізді бұдан да жақсы нәтижеге жетіп, бұдан да күшті сый-құрметке жетуге жігерлендіреді.