Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
Төлем мөлшері қанша болады?
Хабарламаға сәйкес, бұл төлем Астананың 110 мыңнан астам зейнеткерін қамтиды.
"1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі", – делінген хабарламада.
Ережеге сәйкес, бұл төлем сомасы 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде болады. 2026 жылы бұл - 10 812,5 теңге.
Бұған дейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің көлемі 8,5 пайызға өсетіні туралы жазған едік. Өсім барлық зейнеткерге қатысты болады.
Өсімнен кейін ең төменгі жиынтық зейнетақы 113 541 теңге болады. Оған мыналар кіреді:
базалық зейнетақы – 38 622 теңге; ынтымақты зейнетақы – 74 919 теңге.Ең жоғарғы жиынтық зейнетақы 259 795 теңге болады. Оның ішінде:
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?
Бүгін 11:02 1
базалық зейнетақы – 66 208 теңге; ынтымақты зейнетақы – 193 587 теңге.Тағы оқыңыз: Қазақстанда күнкөріс деңгейі артады: жәрдемақылар қалай өзгереді?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу