Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
"Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері интернет-ресурстардағы хабарландыру сайттары арқылы жалған жарнамалар жариялап келген 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті жәбірленушілермен хат алмасу барысында Астана қаласынан пәтер жалға беруге уәде беріп, алдын ала төлемді үшінші тұлғалардың банктік шоттарына аударуды талап еткен. Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.
Сонымен қатар оның осындай сипаттағы 18 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытып, көрсетілетін қызметтің заңдылығы мен шынайылығына көз жеткізбейінше ақшалай қаражатты аудармауға шақырады.
Сондай-ақ күдікті сілтемелерге өтпеуге, SMS-хабарламалар арқылы келетін кодтарды және жеке деректерді, соның ішінде банк карталары мен шоттарға қатысты ақпаратты бөгде адамдарға хабарламауға кеңес береді. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға немесе "102" нөміріне хабарласуыңыз қажет.