Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астанадағы екінші әуежай құрылысы туралы айтып берді. Бұл жоба туралы бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астанадағы екінші әуежай құрылысы туралы айтып берді. Бұл жоба туралы бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенатта өткен брифингте журналистер Ластаевтан жобаның іске асырылу барысы туралы сұрады. Бұған дейін жаңа әуе айлағын Қарағанды тасжолы бойында салу жоспарланып жатқаны хабарланған еді.
Ластаевтың айтуынша, жұмыс басталып кеткен.
"Қала әкімдігінің басшылығымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына барлық құзырлы орган кірді. Көптеген параметрлерді ескеру қажет болғандықтан, бұл мәселенің алдында өте тиянақты, егжей-тегжейлі жұмыс тұрғаны түсінікті", - деді вице-министр.
Ластаев қазіргі уақытта мамандар мен сарапшылар түрлі нұсқаларды қарастырып жатқанын қосты.
"Процесс басталды және ол жүріп жатыр. Барлық техникалық маман мен сарапшылар мүмкін болатын барлық нұсқаны зерттеп жатыр", - деді ол.
Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қала басшысының айтуынша, бірнеше әуежай салу тәжірибесі әлемдегі ірі астаналардың көбіне тән. Елорданың бас жоспарында әуе айлағының ықтимал құрылысы үшін мүмкін учаскелер қарастырылған.