Астанада жаңа автобус маршруттары іске қосылады

14.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада жеті жаңа автобус бағыты пайда болады. Оларды қала тұрғындарының өтініші бойынша іске қосу жоспарланып отыр. Қосымша бағыттардың ашылуын елорда мәслихатының депутаттары отырыс барысында мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшиннің айтуынша, жаңа бағыттар елордалықтар үшін сұранысқа ие болуы тиіс. Олар тәулігіне 30 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды деп күтіледі.

Мәслихатта аталған бағыттардың қозғалыс сызбалары таныстырылды:

№ 67 – "Пригородный" ТМ – Ырыскелді қажы мешіті.

Астанадағы № 67 автобустың қозғалыс сызбасы

№ 74 – Ұлы Дала даңғылы – "Оңтүстік-Шығыс" ТМ.

Астанадағы № 74 автобустың қозғалыс сызбасы

№ 76 – "Алай" базары – "Железнодорожный" ТМ.

Астанадағы № 76 автобустың қозғалыс сызбасы

№ 83 - "Өндіріс" ТМ - теміржол вокзалы.

Астанадағы № 83 автобустың қозғалыс сызбасы

№ 506 – Жансүгіров көшесі – Family Village ТК.

Астанадағы № 506 автобустың қозғалыс сызбасы

№ 507 – "Нұрлы жол" вокзалы – "Жағалау-4" ТК.

Астанадағы № 507 автобустың қозғалыс сызбасы

№ 508 – "Нұрлы жол" вокзалы.

Астанадағы № 508 автобустың қозғалыс сызбасы

Еске сала кетейік, 25 қаңтардан бастап Астанада бірден үш жаңа экспресс-автобус бағыты іске қосылды, олардың екеуі "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан қатынайды.

Ал ақпан айында тағы 2 жаңа бағыт ашылды. Әкімдік бұл бағыттардың "қаланың маңызды бөліктерін" қамтитынын атап өткен болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью