Астанада жаңа босанған әйел баласын сатпақ болған

20.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Астаналық әйел жаңа туған баласын сатпақ болған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Елорданың 19 жастағы тұрғыны баласын сату мақсатында делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында суррогат ана болу туралы жалған шарт жасасқан. Баланы ерлі-зайыпты сатып алмақ болған.

"Соттың 2025 жылдың 23 мамырындағы үкімімен жас ана және делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша кінәлі деп танылды", - дейді прокуратурада.

Сотталушылар пробациялық бақылау енгізумен шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Баласын сатпақ болған астаналық ата-ана құқынан айырылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью