Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Астанада жаңадан салынған TANYM ART оқушылар сарайы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігіАстанада жаңа оқушылар сарайы ашылды
Астанада жаңа оқушылар сарайы ашылды
© Photo : Оқу-ағарту министрлігі
Көпфункционалды кешен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Робототехника, STEM-технологиялар, ғылыми-техникалық шығармашылық, би, өнер және басқа да бағыттар бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Сондай-ақ екі бассейн, спорт және концерт залдары, арнайы оқу кабинеттері мен шығармашылық кеңістіктер қарастырылған.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігіАстанада жаңа оқушылар сарайы ашылды
Астанада жаңа оқушылар сарайы ашылды
© Photo : Оқу-ағарту министрлігі
Орталықта инклюзивті білім беруге де ерекше назар аударылып отыр. Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалған.
Жаңа оқушылар сарайының ашылу рәсіміне оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек те қатысты.