Астанада жартылай жалаңаш ер адам кіреберісте ойран салды

16.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада іш киіммен жүрген ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салды. Ол балалар арбасын аударып, лифт жанында шу шығарған. Оқиға кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған видеодан жартылай жалаңаш ер адам баспалдақ алаңында өзін агрессивті ұстағанын көруге болады. Бір сәтте ол кіреберісте тұрған балалар арбасын жұлқып алып, аударып, еденге лақтырады.

Астана полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша 27 және 30 жастағы екі ер адам анықталып, ұсталғанын хабарлады.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды", - деп хабарлады полиция.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Еске сала кетейік, маусымда Астанадағы тұрғын үй кешендері бірінде 34 жастағы мас ер адам лифтпен "есеп айырыспақ" болды. Бұл айқаста жеңімпаздар болған жоқ: техника істен шығып, бұзақының өзі полиция бөліміне жеткізілді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью