Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жәрмеңке жұмыс іздеп жүрген жоғары оқу орындарының түлектері мен жастарға арналған. Негізгі мақсат – жұмыссыз азаматтарды, оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, яғни жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің тікелей байланысын қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз компанияларының таныстырылымын өткізіп, бос жұмыс орындарымен таныстырады және ең лайықты кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өз кезегінде жұмыс іздеушілер HR-менеджерлермен сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасудан өтуге мүмкіндік алады.
Жәрмеңке 7 қараша күні сағат 13:30-да «Esil University» ғимаратында, яғни Жұбанов көшесі, 7 мекенжайында өтеді.
Айта кетейік, Маңғыстауда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 850 бос жұмыс орындары ұсынылды.