Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елорда ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 8 маусымда хабарлағандай, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын апаттар әлі де өзекті мәселелердің бірі.
"Жыл басынан бері елорда аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.Алаңдатарлығы, аталған жол апаттарының едәуір бөлігі жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан орын алған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілердің кінәсінен 82 жол-көлік оқиғасы тіркелді".Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көп жағдайда жол апаттары:
белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан жолға шығу,жолдағы жағдайды дұрыс бағаламау және қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдаланбау салдарынан орын алады."Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындарда, білім беру ұйымдарының маңында күшейтілген бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)