Астанада жедел жәрдем станциясының бұрынғы басшысы 443 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

28.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сот мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында бұрынғы басшы автокөлікпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі және бас механикпен сөз байласып, арнайы көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді заңсыз есептен шығарып, жөндеу жұмыстарына жалған шарттар жасаған. Соның салдарынан кәсіпорынға 443 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

Сот үкімімен: бұрынғы директор 9 жылға бас бостандығынан айырылды; оның екі сыбайласына 8 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыртуы көбейген

Үшеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Олар өз кінәларын мойындамаған.

Сондай-ақ автосервис қызметкері 268 мың теңге көлеміндегі мүлікті ұрлағаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ол келтірілген шығынды өтегендіктен, рақымшылыққа ілініп, жазадан босатылды.

Павлодарда жедел жәрдем көлігі 76 жастағы әйелді қағып кетті

Бұдан бөлек, сот 443 миллион теңгені өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью