Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана қаласының Алматы ауданындағы Обаган көшесінде екі қабатты ғимараттың шатыры жанды. Бірінші қабатта сауна мен сыра дүкені, екінші қабатта жекеменшік балабақша орналасқан.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимарат шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.
Өртті сөндіру барысында жалынның жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.
Өрт 250 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ