Астанада жеңілдетілген несие уәде еткен алаяқ сотталды

24.11.2025

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сурет: freepik.com

Астанада 16 азаматты алдап, жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол өзін ұлттық компания қызметкері ретінде таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, бір ай ішінде жеңілдетілген шарттармен несие алып беруге уәде еткен. Алайда азаматтардан ақша алғанымен, уәдесін орындамаған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 4 млн теңгеден асты. Сот күдіктіні кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар материалдық шығын толық көлемде өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытып, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Бүгін, 18:42

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью