Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Instagram желісінде жарияланған видеода көлік тоннель ішінде келе жатып, кенеттен алдымен солға, кейін оңға қарай бұрылып кетеді. Артынша автомобиль қабырғаға соғылып, төңкеріліп, аударылып қалады.
Астана қалалық полициясы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.
"Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Бараев көшесі бойымен жерасты тоннелі арқылы келе жатқан кезде көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан ол бордюрге және тоннель қабырғасына соғылып, кейін көлік аударылған. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Changan көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыда түн ортасында "жүйрік гелик" ұйымдастырған жол апаты туралы жазғанбыз.