Астанада жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды

12.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Күйші Дина көшесінде жүргізілген рейд барысында BMW автокөлігін басқарған 27 жастағы азамат тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде оның жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оның 59 дерегі – белгіленген жылдамдықты арттыру фактілері.

"Жүргізушінің әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген. Атап айтқанда ол Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл бағдаршамға өтіп кеткен. Бұдан бөлек, рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүрген", - деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралар нәтижесінде құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью