Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлады көлік министрілгі.
Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы.
Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.
© Photo : Көлік министрлігіАстанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
© Photo : Көлік министрлігі
"Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5–30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады, дейді министрлікте.
© Photo : Көлік министрлігіАстанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
© Photo : Көлік министрлігі
Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр.