Астанада ЖОО қызметкері 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: istockphoto.com

Тергеу мәліметінше, университет қызметкері өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін мөр мен жалған келісімшарттарды пайдаланған. Ол 18 талапкерді алдап, әр азаматтан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

«Сот барысында айыпталушының қызметтік жағдайын пайдалана отырып бірнеше рет алаяқтық жасағаны, сондай-ақ ресми құжаттар мен жалған мөр дайындағаны дәлелденді», делінген Астана қаласының прокуратурасының хабарламасында.

Сот үкімімен алаяқтық жасаған азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған

Еске сала кетейік, Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью