Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қызметкер байланыс желісінің фидер ұяшығында жұмыс істеп жатқан кезде жоғары кернеудің әсеріне ұшыраған.
Қайғылы жағдайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы растады. Компанияның хабарлауынша, қайғылы жағдай 14 маусым күні болған.
«Аталған дерек бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады. Тергеу аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға ерте», деп мәлімдеді ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ҚТЖ өкілдері тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қосалқы стансада нақты не болғаны және қауіпсіздік талаптарының сақталу-сақталмауы тексеру нәтижесінде анықталады.