Астанада жұмыс табу жеңілдейді

31.03.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада қала тұрғындарына қолайлы болу мақсатында Мансап орталығы енді үш жерде ашылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мансап орталығы мына орындарда жұмыс істейді:
• Есіл – Нұра аудандарының Мансап орталығы (Достық даңғылы, 13); 
• Сарыарқа – Байқоңыр аудандарының Мансап орталығы (Бейбітшілік көшесі, 9); 
• Алматы – Сарайшық аудандарының Мансап орталығы (А. Байтұрсынұлы к., 29/2).

Үш ай ішінде Мансап орталығының жұмыспен қамту шараларымен 5 160 адам қамтылды, оның ішінде 2560-ы – жастар.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша айлығы 130 мың теңге болатын жұмыс ұсынылады. Қазіргі уақытта 400-ден астам жұмыс беруші Жастар практикасы бойынша 1500 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылады. Бұл бағдарлама аясында 3 жылға дейін жұмысқа орналастырып, мемлекет тарапынан жалақының 70%-ына дейін субсидия беріледі.

Кадрларға қажеттілігі бар жұмыс берушілер қысқа мерзімді курстар арқылы мамандар даярлауға өтінім бере алады.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1 900 ұйымнан 5 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью