Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстан ІІМ қызметкерлері жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында 226 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, көлікті мас күйінде басқарудың бес мыңнан астам, қарсы жолаққа шығудың төрт мыңнан астам дерегінің жолы кесілді. Мамандандырылған тұрақтарға 46 мыңнан астам көлік құралы қойылды.
Қауіпті жүргізу және қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне ерекше назар аударылып отыр. Дрифт жасағаны үшін 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Астанада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Алматыда қала жолында дрифт жасағаны үшін жүргізуші бес тәулікке қамалып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Осындай әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Бірнеше заң бұзушылық анықталған жағдайда, жауапкершілік барлық белгіленген құқық бұзушылық құрамдары бойынша туындайды. ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, апаттылықтың алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмысты жалғастырып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу