Астанада жыл басынан бері жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші қамалды

09.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елордада жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзған Hyundai Palisade жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, жүргізуші биылдың өзінде жол ережесін 306 рет бұзған. Оның ішінде 169 рет жылдамдықты асырса, тағы 134 жағдайда автобус жолағымен жүрген. 3 мамырда бейнебақылау камералары жүргізушінің Ұлы Дала даңғылында сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген.

Жол ережесін өрескел әрі бірнеше рет бұзғанын ескерген сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды. Прокуратураның хабарлауынша, мұндай шаралар полициямен бірлескен жұмыс аясында сот тәртібімен қабылданып жатыр. Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью