Астанадағы 17 паркинг жеке меншікке сатылады

08.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мәслихат депутаттарына паркингтерді жекешелендіру қандай тәртіппен өтетінін түсіндірді.

- Қазір басқарма меншігінде жалпы сыйымдылығы 570 орын болатын 27 паркинг бар. Бұған дейін ол CTS компаниясының сенімгерлік басқаруында болған. Осы 27-нің ішінде 11 паркингті Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығына беру көзделіп отыр. Коммуналдық мүлікті жекешелендіру аясында активтерді басқару басқармасына тағы 16 нысан берілген болатын. Пилоттық сауда ретінде Абылайхан көшесіндегі 52 орынның саудасын жарияладық. Қалған 15 паркингті де осындай жолмен сату жоспарланып отыр. Қысқаша айтқанда, бәрін сату керек, - деді басқарма басшысы.

Қалалық активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, биыл жекешелендіруге жататын 4 нысанның ішінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының меншігіндегі фитнес-орталық та бар.

Басқарма басшысы Василий Левиттің айтуынша, нысанның баланстық құны 2 млрд теңгеден асады. Оған салса, бұл нысанды әкімдік балансында сақтап қалу керек.

- Өзім де спортшы болған кезде дене шынықтыратын фитнес құралдарының маңыздылығын қатты сезінгенмін. Сондықтан кәсіби спортшылар тегін баратын бір орталықтың болғаны жақсы, - деген шенеунік депутаттардан қолдау сұрады.

Ақыры нысанның ғимаратын жекешелендіріп, ішіндегі фитнес жабдықтарын басқа залға көшіріп, әкімдік меншігінде сақтап қалу керек деген шешім қабылданды.

Бұған дейін Қазақстан қалаларындағы жертөлелер мен паркингтер паналау орындарына бейімделетінін жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью