Астанадағы АҚШ елшілігі жария аукцион өткізеді

03.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АҚШ елшілігі Астанада жария аукцион өткізеді. Сауда-саттық 9 қыркүйекте баға ұсынысын жабық түрде беру форматында өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сатылымға алты контейнер, құрғақ салқындатқыштары бар екі чиллер (автономды тоңазытқыш машинасы - ред. еск.), сондай-ақ рентген аппараттарының сынықтары шығарылады.

Барлық лот ешқандай кепілдіксіз және қаражатты қайтару мүмкіндігінсіз "сол күйінде" сатылады.

"Аукционға қатысушылар өздерінің жабық баға ұсыныстарын аукцион жәшігіне салады. Барлық баға ұсынысы тек теңгемен көрсетілуі тиіс. Барлық сату түпкілікті болып табылады, қайтаруға
немесе айырбастауға мүмкіндік болмайды", — делінген аукцион сайтындағы хабарламада.


Фото: kz.mwp.usembassy.gov

Аукцион жеңімпаздары 10 қыркүйекте жарияланады.

АҚШ елшілігі жыл сайын пайдаланудан шыққан немесе дипломатиялық өкілдік қажеттіліктері үшін өзектілігін жоғалтқан мүліктерді сату бойынша осындай аукциондар өткізіп тұрады. Бұл бүкіл әлемдегі Америка елшіліктері қолданатын стандартты тәжірибе. Мұндай сауда-саттық Астанада бұған дейін бірнеше рет өткен.

Мәселен, бұған дейін АҚШ-тың Астанадағы елшілігі аукционға автокөліктер шығарған болатын. Олардың бастапқы бағасы 200 мың теңгеден басталды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью