Астанадағы базар аумағында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

16.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Байқоңыр ауданындағы Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, соның салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. 

«Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Бурабайдағы қонақүй кешендерінің бірінің аумағынан өрт шықты

Ведомствоның хабарлауынша, жарылыс ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса әзірлейтін бөлмеде болған. Оқиға салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылған.

Астана көшесінде автокөлік өртенді: Зардап шеккендер жоқ

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін Ақтаудағы 23-шағын ауданда орналасқан базар аумағында өрт шыққан еді. Тілсіз жау кеңсе тауарлары сатылатын сауда орнында тұтанған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт көрші сауда орындарына таралып үлгермеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью