Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: istockphoto.com
Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы, халықаралық спорт ұйымдары мен цифрлық индустрияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.
Жарысқа қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша бас сынайды. Мультиспорт бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ компьютерлер мен мобильді құрылғыларға арналған MOBA ойындары енгізілген.
Турнир қарсаңында туроператорлар арнайы туристік пакеттер әзірлеген. Бұл қатысушыларға Астананың мәдени және туристік көрікті орындарын аралауға мүмкіндік береді. Халықаралық жарыс елорданың төрт спорт нысанында өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өткен болатын. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысып, киберспорт түрлерінен бақ сынады.