Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астанада Тілендиев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Мән-жайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Астанада Тілендиев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Мән-жайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 31 мамыр мен 15 маусым аралығында Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік айрығына дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Көліктер екі бағытта да жолдың бір жағымен жүретін болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл аумақта уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылады.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс схемасындағы өзгерістерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетейік, биыл Астанада 50 көшені жөндеу жоспарланған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу