Астанадағы екі көшеге еуропалық атау беріледі

11.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: Ашық дереккөз

Жобалық атауы Е754 болған көшеге енді София атауы беріледі. Бұған дейін Болгария астанасы Софияда бір көшеге «Астана» атауы берілген болатын.

Сонымен қатар «Astana Arena» спорт кешені мен «Алау» мұз сарайы арасындағы атаусыз көше Марко Поло есімімен аталады. Бұл ұсыныс алғаш рет 2025 жылдың қыркүйегінде айтылған болатын. Көше Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылына дейін жалғасады.

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді. Құжат 10 маусымда қабылданған болатын.

Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қалалық мәслихатының отырысында депутаттар жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Талқылаудан кейін мәслихат депутаттары «Тарлан Астана» деген нұсқаны бірауыздан қолдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью