Астанадағы кофехананың алдындағы алып кезек акцияны ұйымдастырушы үшін келеңсіздікке ұласты

07.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде кофеханадағы дүрбелең кадрларымен бөлісіп жатыр. Бұған мекеменің қазақстандық косметика брендімен бірлескен жобасы себеп болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 тамызда астаналықтар акциялық сусын сатып алып, сыйлыққа ерінге арналған шағын жылтыратқыш алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Акцияны ұйымдастырушылар арнайы сусынды сатып алған әрбір тұтынушыға сыйлық беруге уәде еткен.

Threads желісінен көру

Әлеуметтік желілерде елордадағы ұзын-сонар кезек түсірілген ондаған фото мен видео пайда болды. Кадрлардан танымал кофехана алдында жүздеген адам кезегін күтіп тұрғанын көруге болады.

Threads желісінен көру

Кейін әлеуметтік желілерде кофехана маңында полиция қызметкерлері жүрген жаңа видеолар жарияланды. Сондай-ақ кадрлардан олардың бірнеше келушімен сөйлесіп жатқаны байқалады.

Threads желісінен көру

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Онда Түркістан көшесінде адамдар жиналғаннан кейін тексеру жүргізілгенін хабарлады. Тексеру қорытындысы бойынша кезек кәсіпкерлер ұйымдастырған акция салдарынан пайда болғаны анықталды.

Елордалық полиция мәліметінше, іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларына жол берілген жоқ.

Десе де, акцияны ұйымдастырушыға қатысты заңнамаға сәйкес жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін шара қолданылды.

Сондай-ақ Астана полиция департаменті адамдардың көп жиналуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-шараларды өткізу үшін әкімдікпен алдын ала келісу қажет екенін ескертті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью