Астанадағы Леонардо да Винчи көрмесі жуырда аяқталады

09.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы Леонардо да Винчидің өмірі мен ғылыми ізденістеріне арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесі 20 қыркүйек күні өз жұмысын аяқтайды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Экспонаттар арасында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар және өзге де құрылғылар бар. Олардың идеялары өз дәуірінен бірнеше ғасыр алға озып, кейін заманауи технологиялардың негізіне айналды.

Көрме экспозициясы шамамен 3 мың шаршы метр аумақты алып жатыр және ауа, су, жер мен от тақырыптарына арналған бірнеше аймаққа бөлінген.

Сондай-ақ көрмеде ғалымның әйгілі туындыларының репродукциялары, LED-туннель, цифрлық проекциялар мен голографиялық инсталляциялар ұсынылған. Көрменің аяқталуына екі аптадан аз уақыт қалды.

Көрме Бейбітшілік және келісім сарайында, Тәуелсіздік даңғылы, 57 мекенжайында өтіп жатыр. Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, демалыссыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью