Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанадағы нөсерден кейін тұрғындар жоғалған мемлекеттік нөмірлерін жаппай іздеп жатыр. Әлеуметтік желілер табылған және жоғалған тіркеу белгілері туралы хабарландыруларға толды. Қалалық полиция мәліметінше, бір күннің ішінде 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды Tengri Auto.
"Нөмір тауып алдым, дүкенге тастап кеттім, алып кетіңіздер": желідегі хабарландырулар
Астана көшелерін су басқан нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды. Қала тұрғындары тауып алған мемлекеттік нөмірлер суретін жаппай жариялап, иелерін іздей бастады.
"Ұлы Дала даңғылы, 71 мекенжайындағы гүл дүкені жанынан мемлекеттік нөмір тауып алдым. Егер бұл сіздің нөміріңіз болса немесе иесін танысаңыз, сол жерден алып кетуге болады", – деп жазды қолданушылардың бірі.
Кейбір жарияланымдар астында жоғалтып, тез тауып алған нөмір иелері авторларға алғыс айтып жатты.
Threads-тегі жазбалардан фото
Threads-тегі жазбадан фото
Жоғалған мемлекеттік нөмірлер аялдамалар жанынан, жол жиегінен, тіпті үлкен шалшық судан табылып жатыр. Видеолардың бірінде Астана тұрғыны су ішінен бірден бірнеше нөмірлік белгіні сүзіп алып жатқан ер адамды түсіріп алған.
"Жаңбырдан кейін ер адамның үлкен шалшықтан мемлекеттік нөмірлерді шығарып жатқанын көрдім. Мен де барып тексерейін, бәлкім менікі де бір жерде жатқан шығар", – деп жазды ролик авторы.
Видеодан алынған кадр
Нөсерден кейін көлік нөмірін жоғалтып алсаңыз, қайда хабарласу керек?Полиция департаменті нөсерден кейін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жоғалтқан тұрғындардан 100-ден астам өтініш түскенін хабарлады. Полиция нөмір жоғалған жағдайда бірден 102-ге хабарласуды ұсынады.
"Егер нөмірлік белгі табылса, полиция қызметкерлері иесіне оны қай жерден алуға болатынын хабарлайды", – деді ведомство өкілдері.
Егер нөмір табылмаса, иесіне мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, жаңа мемлекеттік тіркеу белгісін алуға тура келеді.
"Көлік құралын көрінеу жалған немесе осы көлік құралына тиесілі емес мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен басқару заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", – деп атап өтті ПД.
Сондай-ақ тұрғындардан табылған нөмірлерді өздерінде қалдырмай, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне тапсыруды немесе табылғаны туралы 102 телефоны арқылы хабарлауды сұрады.
Көлік иелеріне шығынды кім өтейді?Бұған дейін Tengri Auto Астанадағы нөсерден зардап шеккен көліктер шығынын кім өтейтінін анықтаған болатын.
Заңгердің айтуынша, егер көлік иесі зақымдануға нөсер кәрізінің немесе жол инфрақұрылымының тиісінше күтілмеуі себеп болғанын дәлелдесе, шығынды өтеуді талап ете алады. Бұл ретте жаңбыр коммуналдық қызметтер жауапкершілігін білдірмейді.
Астана әкімдігі де әрбір жағдай жеке қаралатынын мәлімдеді. Ведомство жол иесі, қызмет көрсетуші ұйым немесе нөсер кәрізінің операторы жауапты болуы мүмкін екенін, бірақ бұл олардың кінәсі дәлелденген жағдайда ғана жүзеге асатынын атап өтті.
Ескерту: Сонымен қатар әкімдік мәселені қарау кезінде жүргізушінің әрекеті де ескерілетінін айтты: егер ол су басқан учаскені көріп, соған қарамастан қозғалысты жалғастырса, бұл өтемақы мөлшеріне әсер етуі мүмкін.
Астанадағы нөсер23 шілдеде күндіз Астанада нөсер жауды. Жауын-шашын найзағай, кей жерлерде бұршақ және қатты желге ұласты.
Ауа райының қолайсыздығынан жолдарда терең шалшық пайда болып, көшелердің бір бөлігі су астында қалды, кейбір аудандарда электр жарығы өшіп қалды.
Бірнеше көлік толығымен суға батты, ал қоғамдық көлік жолаушыларына су кешуге тура келді.
Фотоны Tengrinews.kz оқырмандары жіберді
Әкімдік коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істегенін хабарлап, су басуды жауын-шашынның шамадан тыс көп болуымен түсіндірді. Қала әкімдігінің мәліметінше, нөсер кәрізі қатты жаңбыр басылғаннан кейін орташа есеппен 40–60 минут ішінде суды ағызып үлгереді.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері Астанада жаңбыр жауады.
Тағы оқыңыз: Астанадағы нөсерден зардап шеккен автокөліктер шығынын кім өтейді?
Астанада ауа райы тосын мінез көрсетті: бүгін бүкіл қала талқылап жатқан кадрлар
“Мұндайды бірінші рет көруім“. Астанада ауа райы күрт бұзылды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу