Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түнде болған өрт салдарынан балалар қаза тапты. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", — деп хабарлады департамент өкілдері.
Оқиға орнында полицейлер аумақты қоршауға алды. Арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй кешенінің ауласы тұраққа қойылған көліктерден босатылды.
Мән-жайы12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды, ол денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерді.
Сонымен қатар, бүгін түнде Астанадағы балалар ауруханасында да өрт шықты.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться