Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Полиция рейді барысында Бөгенбай батыр даңғылында Kia Rio жүргізушісі ұсталды. Ер адам көлікті мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, тексеріс барысында 37 жастағы ер адам мас екені, сонымен қатар оның көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды.
Медициналық куәландыру жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйде болғанын көрсетті. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерге көлікті мас күйде басқару жол қозғалысының барлық қатысушысына қауіп төндіретінін ескертті.
Еске сала кетейік, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, полиция жыл басынан бері дрифт жасаушыларға, гүрілдейтін автокөліктер мен мотоциклдерге қарсы түнгі рейдтер жүргізіп жатыр. Тексеріс шаралары әсіресе демалыс күндері белсенді түрде өтеді.
Сонымен қатар жүргізушілер көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылып жатыр. Қатты шу көбінесе шығару жүйесі құрылымын өзгерткеннен кейін пайда болады. Жыл басынан бері дрифт жасағаны үшін 288 адам жазаланған.
Сондай-ақ 23 қыркүйекте Алматы, Астана және басқа да қалаларда гүрілдейтін көліктерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды. Айта кетейік, Tengri Auto тілшісі осындай рейдтердің біріне қатысып қайтты, ол туралы мына жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу