Астанадағы республикалық бәйге жеңімпаздарына екі көлік пен пәтер сыйға берілді

08.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Астанада өткен республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана маңындағы "Қазанат" атшабарындағы республикалық бәйге Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орайластырылған.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанадағы республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды

Астанадағы республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

"Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер 9 шақырымдық "Құнан" бәйге, 16 шақырымдық "Топ" бәйге және 25 шақырымдық "Аламан" бәйге бойынша бақ сынап, жеңімпаздар анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей "Changan" автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталды.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанадағы республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды

Астанадағы республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге күні атшабарда аншлаг байқалып, трибуналар мен көрермендер алаңы лық толды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ат спорты жарыстарына деген халық қызығушылығының жылдан жылға артып келе жатқанын аңғартады.

Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды іс-шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді, дейді әкімдікте.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью