Астанадағы Сарайшық ауданы жайында не білеміз?

19.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астананың жылдан жылға ауқымы өсіп, қаланың құрылымы күрделеніп, тұрғындар саны көбейіп жатыр. Қаланың қарқынды дамып жатқаны соншалықты шетінен жаңа аудандар қосыла бастады. 2022 жылы Нұра уданы пайда болса, араға екі жыл салып, тағы бір жаңа аудан қосылды. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың сәуір айында жаңа Сарайшық ауданының ашылатыны белгілі болды. Әуелде бұл туралы депутаттар сөз қозғаса, артынан «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, аз уақыттың ішінде Алматы ауданның ұлғайғаны соншалық тұрғын саны 400 мыңға жеткен. Сондықтан нормалық талаптарға сай жаңа әкімшілік аудан құрылуы керегін жеткізді.  Оның үстіне, қаланың инфрақұрылымын қарқынды дамытып, әкімшілік-аумақтық басқаруын оңтайландыруды мақсат етеді.

Сөйтіп, Алматы ауданы оңтүстік және солтүстік болып екі бөлікке бөлінді. Олардың арадағы шекарасы Арқар көпірінен басталып шығысқа қарай Қошқарбаев даңғылымен теміржол желісіне қиылысатын нүктеге дейін белгіленді. Одан әрі шекара оңтүстік-шығыс бағытта теміржол бойымен қала шекарасына дейін өтеді. Әрі қарай теміржол бойымен қала шекарасына дейін жүргізу ұсынылады. Ақырында Алматы ауданының солтүстік бөлігі өз атауын сақтап қалады.

– Қаланың бас жоспарына сүйенсек, 2035 жылға қарай аудан халқының саны 390 мыңнан 659 мың адамға дейін көбейеді. Тұрғын үй қоры екі есеге артып, әлеуметтік нысандар құрылысы ұлғаяды. Сәйкесінше инженерлік-көлік инфрақұрылымы дамиды, – деді Қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Ал қаланың екінші бөлігін Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп оны «Сарайшық» деп атауды ұсынды.

Айтуынша, Астанадағы алтыншы аудан құру мәселесі көтерілген сәттен бастап зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен, тарихшылармен бірге оның атауын ұзақ талқылаған.

– Ономастикалық комиссияның қарауына 15 атау ұсынылды, олардың ың ішінен төртеуі іріктелді: Жерұйық, Сауран, Тұран және Сарайшық. Біз тарихи маңызы бар бірыңғай атау –  Сарайшық деген шешімге келдік», – деді ол.

Содан Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі негізінде жаңа аудан құрылып, екі жылда көркейіп, тіршілігі қызып жатыр. Көтемде пайдалануға берілетін «Jibek joly» сауда-ойын-сауық орталығы – аудан орталығын жандандыра түпек.  Бес қабатты нысан А. Байтұрсынұлы мен М. Тынышбайұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Сарайшық ауданындағы алғашқы кинотеатр дәл осы орталықта ашылмақ.  Әрқайсысы 100 орындық 4 зал бір мезетте 400 көрерменді қабылдай алады. Сонымен қатар, орталықта мейрамханалар мен кофеханалар, фудкорт аймағы, супермаркет, дәріхана, сұлулық салоны, химиялық тазалау, балалар мен ересектерге арналған дүкендер жұмыс істейді.

Осының арқасында аудан инфрақұрылымы дамып, жаңа жұмыс орындарын ашылып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартылып жатқанын байқауға болады. Тіпті, ерекше қажеттілігі бар жандарға да қолайлы жағдай жасалып, нысанда пандустар мен жеделсатылар қарастырылған.

Айта кетейік, нысанның құрылысы 2024 жылдың ІІІ тоқсанында басталған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью