Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанадағы көші-қон қызметі басшысының орынбасарын ұстау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қосымша мәліметтер жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл маусым айында Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері шетелдіктерге жалған құжаттар дайындап, олардың елде заңсыз жұмыс істеуіне көмектескен топтың қызметін тоқтатты.