Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елордада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
7 және 8 қараша күндері Астана тұрғындары отандық шаруалардан ет өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және еліміздің басқа да облыстарынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысуда. Жоба аясында 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланған.
Жәрмеңке отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, өнімді тікелей өткізу арналарын дамытуға және халық үшін азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл шара 7 және 8 қараша күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін елорданың үш сауда алаңында өтеді:
«Keruen Joly» сауда орталығы - Алаш тасжолы, 35Б;
«Ет Әлемі» сауда орталығы - Алаш тасжолы, 31/1;
«Jurt» сауда орталығы - Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
Алдағы уақытта «Соғым-FEST» жәрмеңкесін әр демалыс сайын өткізу, сондай-ақ елорда тәжірибесін Қазақстанның басқа өңірлеріне тарату жоспарлануда.