Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Астанадағы аулалардың бірінде бес жасар баланы тоқ соғып, ол ауруханаға түсті. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, оқиға тұрғын үйлер бірінің ауласындағы футбол алаңы маңында болған. Төтенше оқиға видеоға түсіп қалған.
"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.
Алдын ала мәліметке сәйкес, құрылыс компаниясына тиесілі кабель өртенген. Салдарынан бес жасар баланы тоқ соққан. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп толықтырды полиция өкілдері.
Бұған дейін Қарағандыда бұтақ құлап, бес жасар бала қаза тапты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу