Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 29, 30 және 31 тамыз күндері ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Синоптиктердің мәліметінше, тамыздың соңғы күндері Астанаға алғашқы үсікті, ал Алматыға жазғы аптапты әкеледі. Елордада түнде температура +2 градусқа дейін төмендесе, оңтүстік мегаполисте ауа +35 градусқа дейін жылынады.
Астанадағы ауа райы29 тамызда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +19...+21 градус жылы.
30 тамызда көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +13...+15 градус жылы.
31 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +12...+14 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы29 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
2026 жылғы Алматының ең үздік аудандары: баға рейтингі емес, өмір сүру сапасы бойынша топ-5 локация
Бүгін 09:50 1
30 тамызда көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус жылы.
31 тамызда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақыттарда екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +28...+30 градус жылы.
Қазақстанда қар жауып, үсік боладыБұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел мен бұршақ күтілетінін, ал кезең соңында елдің солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанатынын хабарлаған болатын. Ауа райының толық болжамы осы жерден оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу