Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, оның ішінде Абай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылып отыр.
Жәрмеңкеде шамамен 60 тонна бакалея өнімі, 50 тонна көкөніс өнімі, 50 тонна ет өнімі, сондай-ақ көкөністер мен жемістер, ет, ұн және сүт өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылуда.
Картоп 130 тг/кг-нан бастап, пияз 150 тг/кг, қырыққабат 170 тг/кг сатылып жытр. Ет өнімдерінен сиыр еті 3300–3500 тг/кг, жылқы еті 3000–3300 тг/кг, қой еті —3500 тг/кг ұсынылған.
Жәрмеңке демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» СОО аумағында, Алаш тас жолы, 35Б мекенжайы бойынша өтіп жатыр.
Айта кетелік Қазақстанда жылқы етінің бағасы қанша екенін жазған едік.