Астанадағы жеке үйге жылан кіріп кетті видео

08.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елорданың Сарыарқа ауданындағы Бесшатыр тұйық көшесінде орналасқан жеке үйлердің біріне жылан кіріп кетті. Үй иелері құтқарушыларды шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен бауырымен жорғалаушыны ұстап алды. Кейін жылан алыс ашық аумаққа жіберілді.

Мамандар ескертеді: егер үйіңізде немесе аулаңызда жылан байқасаңыз, оны өз бетіңізше ұстауға әрекет жасамаңыз. Қауіпсіз арақашықтықты сақтап, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Құтқарушылар жыланды ұстау сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл сарыбас жылан болса керек.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы облысындағы Көлсай маңында оқыс оқиға болып, 16 жастағы қызды жылан шағып алған болатын. Зардап шеккенге құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью