Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бүгінде Астана әуежайынан Қазақстан бойынша да, шетелге де ондаған рейстер орындалып жатыр. Tengri Travel 2026 жылдың жаз маусымында жолаушылар үшін қолжетімді бағыттардың өзекті тізімін ұсынады.
Әуежай мәліметтеріне сәйкес, маусым айынан бастап ішкі тұрақты рейстердің саны 30 пайызға - аптасына 752-ден 984-ке дейін өсті. Күн сайын әуе айлағы орта есеппен 262 ұшу-қону операциясын жүзеге асырып, 250-ге жуық ұшаққа қызмет көрсетеді. Оның 90-ға жуығы халықаралық рейстер болса, тағы 172-сі - ішкі бағыттар.
Халықаралық рейстер Еуропа және Ресей қалаларыАстанадан келесі қалаларға тікелей рейстер орындалады:
Белград (Сербия) - Scat. Варшава (Польша) - LOT Polish Airlines. Ларнака (Кипр) - Air Astana. Мәскеу (Ресей) - Scat, "Аэрофлот". Подгорица (Черногория) - Air Astana. Прага (Чехия) - Scat. Минск (Беларусь) - "Белавиа". Қазан (Ресей) - Red Wings. Санкт-Петербург (Ресей) - Scat, "Россия" әуекомпаниясы. Минеральные Воды (Ресей) - Red Wings. Франкфурт (Германия) - Air Astana, Lufthansa.Скриншот: depositphotos.com
АзияАзия елдеріне келесі бағыттар бойынша ұшуға болады:
Гуанчжоу (Қытай) - Air Astana. Дананг (Вьетнам) - Air Astana, Scat, VietJet. Камрань (Вьетнам) - Air Astana, Scat, VietJet. Бейжің (Қытай) - Air Astana, Air China. Санья (Қытай) - Air Astana, Scat. Үрімжі (Қытай) - Fly Arystan, China Southern. Фукуок (Вьетнам) - Air Astana, VietJet. Сеул (Оңтүстік Корея) - Air Astana. Мале (Мальдив аралдары) - Air Astana. Ұлан-Батыр (Моңғолия) - Scat.Фото: depositphotos.com
Орталық Азия және КавказТікелей рейстер келесі бағыттарға орындалады:
Бішкек (Қырғызстан) - Vietjet Qazaqstan. Душанбе (Тәжікстан) - Somon Air. Ыстықкөл (Қырғызстан) - Fly Arystan. Самарқан (Өзбекстан) - Vietjet Qazaqstan. Ташкент (Өзбекстан) - Air Astana, Fly Arystan, Uzbekistan Airways, Centrum Air. Баку (Әзірбайжан) - Azal. Батуми (Грузия) - Fly Arystan, Scat. Ереван (Армения) - Shirak Avia. Кутаиси (Грузия) - Fly Arystan. Тбилиси (Грузия) - Air Astana.Фото: depositphotos.com
Таяу Шығыс, Түркия және МысырСондай-ақ елордадан мына қалаларға ұшуға болады:
Анкара (Түркия) - AJET. Анталья (Түркия) - Air Astana, Scat, Turkish Airlines, Pegasus. Бодрум (Түркия) - Turkish Airlines. Газипаша (Түркия) - Fly Arystan. Даламан (Түркия) - Air Astana. Жидда (Сауд Арабиясы) - Air Astana. Доха (Катар) - Air Astana. Дубай (БАӘ) - Air Astana, Flydubai. Стамбул (Түркия) - Air Astana, Turkish Airlines, Pegasus. Шарм-эль-Шейх (Мысыр) - Air Astana, Scat, Red Sea, Air Cairo.Фото: depositphotos.com
Ішкі рейстерАстана әуежайынан елдің 18 қаласына рейстер орындалады:
Алматы; Ақтау; Ақтөбе; Атырау; Қостанай; Қызылорда; Орал; Өскемен; Шымкент; Семей; Түркістан; Тараз; Балқаш; Жезқазған; Петропавл; Талдықорған; Үржар; Үшарал.Ішкі тасымалдың негізгі көлемін Air Astana, Fly Arystan және Scat компаниялары жүзеге асырады.
Сонымен қатар кейбір бағыттарда тек жекелеген әуекомпаниялары жұмыс істейді:
Үржарға рейстерді "Южное небо" әуекомпаниясы орындайды; Балқаш, Жезқазған, Петропавл, Талдықорған және Үшарал бағыттары бойынша тек Vietjet Qazaqstan қызмет көрсетеді; Таразға тек Scat, ал Семей мен Түркістанға - Fly Arystan ұшады.Астана әуежайынан жалпы 24 елдің 40 шетелдік қаласына, сондай-ақ Қазақстанның 18 қаласына тікелей ұшуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтары 2026 жылы визасыз бара алатын елдердің тізімін жасаған едік.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу